сейсенбі, 21 шілде, 2026 5:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазгидромет: еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Қазгидромет: еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
istockphoto.com
Жауын-шашынның әсерінен аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 21–23 шілде аралығына арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, аталған кезеңде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кейбір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін.

«Жауын-шашынның әсерінен аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Күндіз ауа температурасы еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында +20…+30 °C, орталығы мен шығысында +22…+35 °C болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде де ауа температурасы +27…+35 °C-қа дейін төмендейді. Ал Ираннан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен еліміздің батысында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +30…+42 °C болады», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» мамандары.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар