сейсенбі, 21 шілде, 2026 3:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Испания – чемпион!

Испания – чемпион!
әлеуметтік желіден
16 жылдан кейін қайталанған жеңіс.

Испания Аргентинаны ұтып, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Футболдан әлем кубогының финалында Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Кездесудің негізгі уақыты голсыз тең аяқталып, жеңімпаз тек қосымша уақытта анықталды. Матчтағы жалғыз әрі шешуші голды 106-минутта шабуылшы Ферран Торрес соғып, Испанияға тарихи жеңіс сыйлады.

Финалдық ойын барысында испандықтар айқын басымдық танытты. Олар қарсылас қақпасына 20 мәрте соққы бағыттаса, Аргентина матч соңына дейін небәрі екі рет ғана қауіпті шабуыл ұйымдастыра алды.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен шешуші кездесуді ел президенті Дональд Трамп та стадионнан тамашалады.

Осы жеңістің арқасында Испания құрамасы тарихында екінші рет Еуропа чемпионаты мен әлем кубогын қатарынан жеңіп отыр. Бұған дейін испандықтар 2024 жылы Еуропа чемпионатында топ жарса, енді әлемнің үздік құрамасы атанды. Осыған ұқсас жетістікке олар бұған дейін де қол жеткізген болатын: 2008 жылы Еуропа чемпионатын жеңіп, араға екі жыл салып, 2010 жылғы әлем чемпионатында да алтын медаль иеленген.

Ал 2022 жылғы әлем чемпионы Аргентина бұл жолы финалда жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар