"Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздары салық төлеуі керек" деген мәлімдемесіне қатысты Қарақат Әбден пікір білдірді
"Бұл сөз сайлауалды науқан кезінде айтылды".
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бұған дейін қоғамда қызу талқыланған «шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздары салық төлеуі керек» деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Журналист депутаттан бұл сөзінің мәнін сұрап, оның әлі де сол ұстанымда екенін нақтылады.
Депутаттың айтуынша, аталған пікір сайлауалды науқан кезінде айтылған және оны тура мағынасында қабылдауға болмайды.
Сондай-ақ депутат бұл мәлімдеменің негізгі мақсаты ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті және ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызын қоғамға түсіндіру болғанын айтты.