Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Меруерт Өтекешоваға жаңа пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қуанышты сәттің видеосын ол Instagram парақшасында жариялады.
Бейнежазбада Баян Мақсатқызы әртісті жаңа баспанасымен таныстырады. Пәтердің қабырғасына суретші Ботагөз Ақанаева салған Меруерт Өтекешованың портреті ілінген.
Жаңа пәтерді көрген халық әртісі таңданысын жасыра алмады.
«Әдемі, жайлы, сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын», – деді Меруерт Өтекешова.
Баян Мақсатқызы мұнымен шектелмей, актрисаға Түркиядағы бес жұлдызды қонақүйге демалысқа жолдама да сыйлады.
«Сіз – халық әртісісіз. Сіз бәріне лайықтысыз», – деді продюсер.
Айта кетейік, бұған дейін Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлайтынын айтып, бұл уәдесін әлжеліде жариялаған болатын. Екі жарым айдан кейін ол уәдесін орындап, актрисаға жаңа баспананың кілтін салтанатты түрде табыстады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





