жұма, 17 шілде, 2026 14:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қытайлық компания Алматыда робот зауытын салады

Қытайлық компания Алматыда робот зауытын салады
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Робототехника саласындағы әлемдік көшбасшы UBTECH Robotics компаниясы Алматыда өзінің алғашқы шетелдік зауытын ашады.

Шанхайда өткен бизнес-форум барысында Алматы әкімшілігі, Nero Robotics және UBTECH Robotics негізін қалаушы Чжоу Цзянь арасында гуманоидты және білім беру роботтарын шығаратын зауыт салу туралы келісімге қол қойылды.

"Алматы компания өзінің өндірістік кешенін іске қосып жатқан алғашқы шетелдік қала болды. Зауыттың құрылысы қазір басталды, ал іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Жоба тек роботтар өндірісін емес, сонымен қатар инженерлік және зерттеу орталығын құруды, заманауи технологияларды енгізуді және робототехника бойынша қазақстандық мамандарды оқытуды қамтиды", – деп мәлімдеді әкімшілік.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар