жұма, 17 шілде, 2026 14:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бағдагүл емші өзін соттатып жатқан Динара Сәтжанға жауап берді

Бағдагүл емші өзін соттатып жатқан Динара Сәтжанға жауап берді
Коллаж: qazaqtoday.info
Бағдагүл емші әлеуметтік желідегі парақшасында тележүргізуші Динара Сәтжанмен арадағы сот дауына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, егер сот оны кінәлі деп таныса, мұны қарапайым халықтың құқығы мен әділдік үшін күрестің бір көрінісі деп қабылдайтынын жеткізді.

«Бұйырса, мен сотталсам, бүкіл Қазақстан әділетсіз байларға төңкеріс жасауға дайынбыз ба??? Себебі шындық жоқ болса! Әрбір қарапайым халық осындай әділетсіздікке ұшырайды деген сөз! Онда болашаққа сенім жоғалады деген сөз. Әрине, кешірім сұраймын! Достасуға болады!», – деп жазды ол.

Бағдагүл емшінің сөзінше, сот отырысы кейінге қалдырылған. Оның айтуынша, бұған сот процесінің мемлекеттік тілде өтуін талап етуі себеп болған.

«Кеше сот, бұйырса, кейінге қалды! Себебі мен соттың өз ана тілімізде өтуін талап еттім. Қазақстанда қазақ қазақпен өз ана тілінде сөйлеуі керек! Менің қозғағаным – тіл мәселесі, қазақ аруларымыздың ар-намысы мен үшін бірінші орында! Ал ханымға айтылған сөз есімде жоқ! Өйткені мен орысша түсінбеймін! Көңіліңізге тисе, кешірім сұраймын. Қазақша мағынасын білмедім! Менің сотта беретін жауабым осы, достар!», – деді ол.

Сондай-ақ Бағдагүл емші Динара Сәтжанды бұдан кейін мазақтамағанын айтып, арадағы дауды бейбіт жолмен шешуге қарсы емес екенін жеткізді.

«Әрине, кешірімді болған жақсы! Мүмкін, достасып кетерміз! Бірақ мен бұл кісіні одан әрі мазақтағаным жоқ! Сөздің келе жағында кеткен болуы мүмкін! Қарапайым халық үшін жанымды беруге дайынмын, шүкір! Әділетсіздік үшін күресуді қолдаймын! Қазақ еліне айтарым, ана тіліміздің қадірін кетірмейік. Орысша білмегенім үшін сотталып жатсам еш өкінбеймін!», – деп жазды ол.

Жазбасының соңында Бағдагүл емші әділдік салтанат құратынына сенетінін айтып, істің бейбіт жолмен аяқталатынына үміт білдірді.

«Әуелі Алла, аруақтар қолдасын! Әділдік бұйырса салтанат құрады! Қазақстанның болашағы бейжай қарайтын уақытта емес! Қара халықпен біргемін! Халық менімен бірге! Барлығы бейбіт түрде болатынына сенімдімін! Себебі мен орысша білмеймін! Мағынасын білмеймін! Ондай сөз есімде жоқ!», – деді Бағдагүл емші.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар