"Бағдагүл өз сөздері үшін сотта жауап береді": Динара Сәтжан сот ісі басталғанын мәлімдеді
- авторОймақ
- Бүгін, 12:54
- 42
Тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында өзі “Ақтөбелік емші” деп атаған әйелге қатысты сот ісі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бір ай бұрын сотқа талап арыз берілген. Ал бүгін Астана қаласында іс бойынша алғашқы сот отырысы өткен.
Динара Сәтжан сөз бостандығы әркімнің конституциялық құқығы екенін, алайда ол өзгенің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге жол бермейтінін атап өтті.
«Сөз бостандығы - бұл қорлау еркіндігі емес. Ол өзгенің ар-намысы мен қадір-қасиеті аяқталған жерде тоқтайды», - деп жазды ол.
Сондай-ақ тележүргізуші әлеуметтік желіде дауласудың орнына мәселені құқықтық алаңда шешуді жөн көретінін айтты.
«Сондықтан Бағдагүл өз сөздері үшін TikTok-та емес, сотта жауап береді», - деп жазды Динара Сәтжан.
Айта кетейік, бұған дейін Бағдагүл әлеуметтік желіде Динара Сәтжан туралы бірнеше рет сыни пікір айтып, олардың арасында дау туындаған болатын. Қазіргі уақытта іс сот қарауында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




