Елімізде 590 мың азамат амнистияға ілінді – ІІМ
Бұл – адамгершілік пен ізгілікті негізге алған маңызды шешім.
1 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған амнистия туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұл – адамгершілік пен ізгілікті негізге алған маңызды шешім. Сонымен қатар амнистия қоғамның қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірмейтін жағдайларда ғана қолданылады.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізілді. Оның аясында заңда көрсетілген баптар бойынша азаматтар әкімшілік айыппұл төлеуден босатылды.
Ішкі істер органдарының бағыты бойынша амнистия шамамен 590 мың азаматқа қатысты қолданылды. Нәтижесінде оларға қатысты 1,3 миллионнан астам әкімшілік өндіріп алу тоқтатылып, жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын айыппұлдар есептен шығарылды.