Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барды

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Сапар аясында ертең Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен дөңгелек үстел форматында кездесуі жоспарланған.

Бұдан бөлек, 17 шілде күні Қасым-Жомарт Тоқаев «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналған Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады.