Әлеумет

Астанада кәріз құбырынан нәресте табылды

Бұл ақпаратқа Астана қаласы полиция департаменті түсініктеме берді.

Астанада тұрғындар кәріз құбырынан жаңа туған сәбиді тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, бала жақын маңдағы қонақүйде дүниеге келген, деп хабарлайды turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Астанадағы қайғылы оқиға туралы ақпаратты Threads желісінде tatarovna_ лақап атымен тіркелген қолданушы жариялаған. Оның айтуынша, өзі тұратын ауданда бірнеше жыл бұрын үйдің дәл іргесіне қонақүй салынған. Тұрғынның сөзінше, бұл көрші үй тұрғындарына көптеген қолайсыздық тудырып келеді.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлері бұл қонақүйде тыйым салынған заттар таралуы мүмкін екенін тұрғындарға өздері айтқан.

Бұл ақпаратқа Астана қаласы полиция департаменті түсініктеме берді.