Қоғам белсендіcі Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ресми түрде аяқталды. Бұл жөнінде оның адвокаты Радмир Өтеп мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Адвокаттың хабарлауынша, тергеудің аяқталуына байланысты жақын уақытта сот процесі басталуы мүмкін.
«Бүгін, 2026 жылғы 13 шілдеде, Санжар Омарұлы Боқаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталды», – деп жазды қорғаушы Радмир Өтеп әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, белсенді Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 наурызында ұсталып, содан бері төрт ай бойы қамауда отыр. Бас прокуратура таратқан ақпаратқа сәйкес, оған «аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған ақпарат таратты және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында видео жариялады» деген айыптар тағылған.
Сонымен қатар қадағалаушы орган Боқаевтың табысы аз азаматтарға ақша беріп, заңсыз ағаш кескізу және ұрлық жасау әрекеттеріне тапсырыс бергенін де алға тартқан болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





