Шымкентте кісі қолынан қаза болған Нұрай Серікбайдың ісі сотқа жолданды. Бұл туралы отбасының адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, ендігі кезеңде іс сотта мәні бойынша қаралады. Оған қоса, істің тікелей эфирде өткізілуін талап етеміз», – деп жазды адвокат.
Еске салсақ, 11 қаңтарда Нұрай Серікбай көшеде ауыр пышақ жарақатынан көз жұмды. Ол жарты жылдан бері сталкердің құрбаны болған. Оқиғадан кейін 28 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Оған Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру», «Некеге мәжбүрлеу» (Адам ұрлау), «Сталкиң» (Аңду) айыбы тағылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





