дүйсенбі, 13 шілде, 2026 11:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Air Astana Араб әмірліктеріне әуе қатынасын уақытша тоқтатты

Air Astana Араб әмірліктеріне әуе қатынасын уақытша тоқтатты
Air Astana
Кестедегі келесі өзгерістер туралы қосымша хабарланады.

Air Astana авиакомпаниясы Таяу Шығыстағы жағдайдың ушыға түсуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты, деп хабарлады  тасымалдаушының баспасөз қызметі.

Тоқтатылған рейстердің қатарында 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы бағыты, сондай-ақ 14 шілдеге қарастырылған КС 205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері бар.

Авиакомпанияның мәлімдеуінше, жолаушылар билет құнын толық көлемде сатып алған жері бойынша қайтара алады. Сонымен қатар 12–18 шілде аралығындағы рейстерге билеті бар азаматтар үшін оны 31 шілдеге дейінгі мерзімге тегін қайта брондау мүмкіндігі қарастырылған. Кестедегі келесі өзгерістер туралы қосымша хабарланады.

«Air Astana жағдайды жіті қадағалап отыр және жолаушыларды елге қайтару мәселелерін шешуде», – делінген хабарламада.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар