Telegram мессенджері арқылы жаңа алаяқтық схемасы тарады
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескерту жасады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтарға Telegram мессенджері арқылы тараған жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, қаскөйлер өздерін мемлекеттік органдардың, ірі компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Олар азаматтарды сендіру үшін нақты жетекшілердің фотосуреттерін, аты-жөндерін және басқа да ашық дереккөздердегі жеке мәліметтерін қолданады.
ІІМ мұндай күмәнді хабарламаларды, ең алдымен, ұйымның ақшалай қаражатына тікелей қолжетімділігі бар бухгалтерлер, қаржы бөлімінің қызметкерлері және басқа да жауапты тұлғалар алуы мүмкін екенін нақтылады. Тәртіп сақшылары азаматтарды кез келген қаржылық операцияны орындамас бұрын, ақпаратты телефон қоңырауы арқылы қайта тексеруге шақырады.