дүйсенбі, 13 шілде, 2026 11:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Telegram мессенджері арқылы жаңа алаяқтық схемасы тарады

Telegram мессенджері арқылы жаңа алаяқтық схемасы тарады
Matthias Balk / DPA / Global Look Press
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескерту жасады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтарға Telegram мессенджері арқылы тараған жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, қаскөйлер өздерін мемлекеттік органдардың, ірі компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Олар азаматтарды сендіру үшін нақты жетекшілердің фотосуреттерін, аты-жөндерін және басқа да ашық дереккөздердегі жеке мәліметтерін қолданады.

«Қаскөйлер директордың, бастықтың немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қызметкерлерге хабарлама жібереді. Онда көрсетілген шотқа шұғыл түрде ақша аударуды, қызметтер үшін ақы төлеуді, тауарға қаражат аударуды немесе басқа да қаржылық операцияны орындауды талап етеді», – деп атап өтті ведомстводан.

ІІМ мұндай күмәнді хабарламаларды, ең алдымен, ұйымның ақшалай қаражатына тікелей қолжетімділігі бар бухгалтерлер, қаржы бөлімінің қызметкерлері және басқа да жауапты тұлғалар алуы мүмкін екенін нақтылады. Тәртіп сақшылары азаматтарды кез келген қаржылық операцияны орындамас бұрын, ақпаратты телефон қоңырауы арқылы қайта тексеруге шақырады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар