Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды olympic.kz.
11 шілдеде U19 жас санатында ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде сегіз отандасымыз жартылай финалға жолдама алды.
Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Руслан Ахметов (85 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) өз жекпе-жектерінде жеңіске жетті.
Ал Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін) жартылай финалдан тыс қалды.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





