Спорт

Бибісара Асаубаева келесі кезеңге жолдама алды

Ол Women’s Speed Chess Championship онлайн турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Women’s Speed Chess Championship онлайн турнирін жеңіспен бастады. Ол 1/8 финалда Өзбекстан шахматшысы Афруза Хамдамованы айқын басымдықпен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Матч үш түрлі уақыт бақылауымен өтті. Алдымен 5+1 форматындағы блицте Асаубаева қарсыласынан 3,5:1,5 есебімен басым түсті.

Одан кейін 3+1 уақыт бақылауындағы партияларда да қазақстандық шахматшы сенімді ойын көрсетіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің шешуші бөлігі 1+1 форматындағы пул партияларымен жалғасты. Бұл кезеңде де Бибісара Асаубаева қарсыласына мүмкіндік бермей, 3:1 есебімен үстем болды.

Осылайша, барлық үш кезеңде жеңіске жеткен қазақстандық гроссмейстер Women’s Speed Chess Championship турнирінің ширек финалына шықты.