жексенбі, 12 шілде, 2026 12:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жетісу облысында ақша бопсалаған әйелге қатысты полиция мәлімдеме жасады

Жетісу облысында ақша бопсалаған әйелге қатысты полиция мәлімдеме жасады
видео скрин
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жетісу облысында аса ірі көлемде ақша бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті Qaz365.kz редакциясының сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде өңірдің 18 жастағы тұрғынының туыстарының бейнеүндеуі тараған болатын. Олардың айтуынша, бойжеткен Көксу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жақындарының сөзінше, оның сегіз айлық сәбиі анасының қамқорлығынсыз қалған.

Туыстарының айтуынша, бойжеткен баласының әкесімен кездесуге барған. Олардың мәлімдеуінше, ер адам оған 25 миллион теңге көлемінде материалдық көмек беруге уәде еткен. Алайда кездесу орнына келген кезде жас ананы полиция қызметкерлері ұстаған.

Өз кезегінде полиция бұл іс бойынша аса ірі көлемде ақша бопсалау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, бұл қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

«Полиция аса ірі көлемде ақша бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Бұл қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады», – деп мәлімдеді департаментте.

Полицияның мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында екі әйел ұсталған. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін талап етілген 25 миллион теңгені алу кезінде қолға түскен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар