жұма, 10 шілде, 2026 8:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтаудағы дәмханадағы оқиға: ер адамның бетіне атқан

Ақтаудағы дәмханадағы оқиға: ер адамның бетіне атқан
instagram.com/112_aktau
Оқиға 8 шілдеге қараған түні шамамен сағат 01:00-де болған.

Ақтаудағы дәмханалардың бірінде ер адамның бетіне «Аңшы сигналы» деп аталатын дыбыс беретін іске қосу құрылғысын бағыттап, жарақаттаған күдікті ұсталды. Оқиға 8 шілдеге қараған түні шамамен сағат 01:00-де болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның дәмхананың жазғы алаңына кіріп, айналаны шолып шыққаннан кейін үстел басында отырған азаматқа жақындағаны көрінеді. Ол сөмкесінен құрылғыны шығарып, жәбірленушінің бетіне бағыттап іске қосады. Қатты дыбыстан кейін ер адам бетін ұстап, орындыққа құлап түскен.

Оқиғадан кейін көпшілік шабуылдаушы атыс қаруын қолданды деген болжам айтқан. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарып, күдіктінің «Аңшы сигналы» деп аталатын дыбыс беретін іске қосу құрылғысын пайдаланғанын мәлімдеді.

«Оқиғадан кейін олардың біреуі "Аңшы сигналы" іске қосу құрылғысын қолданып, ер адамның бет жарақатын алуына себеп болған», – деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаменті.

Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін оны үйіне жіберген. Полиция мәліметінше, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар