Қоғам

Жаңа адамдар Әділет партиясының жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты

Жаңа алаң еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастар ұйымдары мен белсенді жастарды біріктіруге әлеуетті.

Астанада Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясы өтті. Іс-шараға сарапшылар, қоғам қайраткерлері және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Кездесудің басты тақырыбы - жастардың жасампаз әлеуетін біріктіру және жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыру болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Стратегиялық сессияда Жаңа адамдар Қозғалысының негізін қалаушы, Әділет партиясының Саяси кеңесінің мүшесі Асель Баденова сөз сөйлеп, жастардың қоғамдық өзгерістердегі рөліне тоқталды. Оның айтуынша, Халық Конституциясының күшіне енуі ел дамуының жаңа кезеңін бастап, жастарды қоғамдағы оң өзгерістердің толыққанды қозғаушы күшіне айналдырды.

Асель Баденова өз сөзінде Жаңа адамдар мен Дала қырандарының бірлескен күшімен Қазақстан Жастар кеңесін құру бастамасын ұсынды. Жаңа алаң еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастар ұйымдары мен белсенді жастарды біріктіруге әлеуетті.

Асель Баденова, Жаңа адамдар негізін қалаушы, Әділет партиясы Саяси кеңесінің мүшесі: