Әлеумет

Атыраудағы қылмыс: Ақбаянға қатысты іс тоқтатылды

Алайда бұл іс бойынша тергеу де кейін тоқтатылған.

Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайына қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы прокуратурасы көмекшісінің мәліметінше, тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев жасаған қылмысты жасырды деген күдікті растайтын жеткілікті дәлелдер анықталмаған. 

Осыған байланысты Ақбаян Мұқанғалиеваға тағылған адам өлтіру айыбы қылмыс құрамының болмауына байланысты алынып тасталды.

Сонымен қатар оның аса ауыр қылмысты жасырды деген күдікке қатысты материалдар жеке өндіріске бөлінген. Алайда бұл іс бойынша тергеу де кейін тоқтатылған.