Әлеумет

Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыздың интимдік фотосын таратқан күдікті ұсталды

Алакөл ауданының тұрғыны екені анықталды.

Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыздың интимдік фотоларын таратқан күдікті ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің 22 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны екені анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, ол жасөспіріммен тикток желісі арқылы танысып, кейін байланысын басқа мессенджерде жалғастырған. Қыздың сеніміне кіріп, психологиялық қысым көрсеткен,  сондай-ақ 20 мың теңге беремін деп уәде етіп, одан интимдік сипаттағы фото мен бейнематериалдарды алған. Артынша оларды жабық арналарда заңсыз таратып, одан  пайда көрген.