Қоғам

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

Квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі тексеріліп жатыр

Ақмола облысы Бурабай ауданында квадроцикл мінген қыз жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

7 шілдеде Зеленый Бор және Бурабай ауылдары арасындағы автожолда Астананың 22 жастағы тұрғыны квадроциклді басқарып келе жатып, аударылған.

"Алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Квадроцикл жолаушысы — 2007 жылы туған елорда тұрғыны. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі тексеріліп жатыр. Полиция мототехниканы жалға беру кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы, сондай-ақ қайғылы жағдайға әкеп соққан басқа да ықтимал себептерді анықтау үстінде.