Алматы мен Астанада күн қатты ысиды
Аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды.
Алдағы күндері Астана мен Алматыда күн күрт ысиды. Синоптиктер тұрғындарға аптап ыстыққа байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Arasha.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Астанадағы ауа райы
8 шілде күні көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз екпінді жел соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19 градус, күндіз +30…+32 градус болады.
9 шілдеде жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы сақталады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде +17…+19 градус болса, күндіз ауа температурасы +33…+35 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.
10 шілдеде де жауын-шашын күтілмейді. Шығыс желі 3–8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +18…+20 градус, күндіз +35…+37 градусқа дейін ыстық болады.
Алматыдағы ауа райы
8 шілдеде көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Батыстан соққан жел кейін шығысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21 градус, күндіз +31…+33 градус болады.
9 шілдеде де кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде +18…+20 градус, күндіз +32…+34 градус болады.
10 шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +20…+22 градус, күндіз ауа температурасы +33…+35 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады.
Синоптиктер тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт далада болмауға, көбірек су ішуге және күн сәулесінен қорғану шараларын сақтауға кеңес береді.