Мөлдір Мұқан үлкен қызына көлік сыйлады
Бұл сәт әлеуметтік желіде кең тарап, көпшілік жас түлекке ақ тілегін жаудырды.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқан отбасындағы үш бірдей маңызды оқиғаны бір кеште атап өтті. Салтанатты жиыннан тараған фото және видеолар әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Мөлдір Мұқан үлкен қызы Әдемінің жоғары оқу орнын тәмамдауын, екінші қызы Айымның мектеп бітіруін және кенже ұлы Райымбектің сүндетке отырғызылуын бір мерекелік кеште атап өтті. Ерекше ұйымдастырылған жиынға туған-туыстары мен өнердегі әріптестері жиналды.Кеш барысында Мөлдір Мұқан үлкен қызы Әдеміге ерекше тосынсый жасап, су жаңа Audi A7 автокөлігінің кілтін табыстады. Бұл сәт әлеуметтік желіде кең тарап, көпшілік жас түлекке ақ тілегін жаудырды.
Мерекелік кешке қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары - Сәкен Майғазиев, Алтынай Жорабаева, Жазира Байырбекова, Заттыбек Көпболсынұлы, Райм, Ерке Есмахан және Қайрат Нұртас қатысып, ән шырқап, ізгі тілектерін жеткізді.
Алайда желі қолданушыларының назарын аударған тағы бір жайт - балалардың әкесі Тұрсынбек Қабатовтың мерекелік кештен көрінбеуі болды. Жарияланған фото мен видеолардың астында көпшілік оның мұндай маңызды күні балаларының жанынан табылмағанын талқылады.
Пікір қалдырушылардың бірі: «Осындай қуанышта Тұрсынбек қастарында болмай ма? Балалардың көңілі үшін келуге болар еді ғой», - деп жазса, енді бірі: «Тұрсынбектің жоқтығы өкінішті екен», - деген ойын білдірген.
Сонымен қатар, көпшілік Мөлдір Мұқанның балалары үшін ұйымдастырған мерекесіне жоғары баға беріп, оның ана ретіндегі еңбегіне ризашылықтарын жеткізді. Желі қолданушылары «Құтты болсын!», «Балаларының болашағы жарқын болсын!», «Ана ретінде үлкен еңбек сіңіріп жүр» деген жылы лебіздерін жаудырды.