сейсенбі, 7 шілде, 2026 13:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды
polisia.kz
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Орал қаласында 2025 жылдың ақпан айынан бері халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті алдау және сенімге қиянат жасау арқылы қайырымдылық мақсатында жиналған 88 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген.

Ұстау кезінде ер адам полиция қызметкерлерінен бой тасалауға әрекет жасап, шкафтың ішіне жасырынған. Алайда тәртіп сақшылары оның жасырынған орнын анықтап, күдіктіні қолға түсірді.

Күдікті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігімен, яғни аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған.

Ұсталған азамат Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар