Елорда күні елде 448 сәби дүниеге келді
Елорда күні 448 сәби дүниеге келді. Оның 223-і — ұл, 225-і — қыз. Мереке күні Астанада екі егіз өмір есігін ашты.
Өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 67 шарана өмірге келді. Алматыда — 44, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден дүниеге келді.
Дәрігерлердің айтуынша, босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдарда жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетіледі.