Спорт

ӘЧ-2026: Колумбия плей-офф сатысына берілген соңғы жолдамаға ие болды

Колумбия қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, жарыстың келесі сатысына жолдама алды.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Колумбия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Оңтүстік Америка құрлығының өкілдері плей-офф сатысында ганамен шеберлік байқасқан еді. Кездесу барысында қарсыластар тарапынан гол соғатын мүмкіндік аз болған жоқ. Соған қарамастан ойын тағдырын шешкен жалғыз гол соғылды. Оны 14-минутта колумбиялық Джон Арьяс өзінің еншісіне жазды.

K тобында Оңтүстік Америка құрлығының өкілдері Португалиямен 0:0 есебімен тең ойнап, Конго ДР құрамасын 1:0, Өзбекстанды 3:1 есебімен тізе бүктірді.

L тобында Гана бір жеңіс, бір тең ойын, бір жеңіліспен 4 ұпай алды. Олар Англиямен 0:0 есебіне қанағат білдірсе, Хорватияға 1:2 есебімен есе жіберіп, Панаманы 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Қарсыластар қазірге дейін өзара кездескен емес.

Айта кетсек, 1/8 финалға шыққан барлық құрама анықталды. Олардың қатарында Канада, Бразилия, Парагвай, Марокко, Норвегия, Франция, Мексика, Англия, Бельгия, АҚШ, Испания, Португалия, Аргентина, Египет, Колумбия құрамалары бар.