Қарақат Әбілдина жарына деген сезімі туралы әсерлі жазба жариялады
Сезімді сақтау екі адамның ортақ еңбегі екенін жеткізді.
Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында жарына деген сезімі туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесі жылдар өтсе де, жұбайына деген махаббаты мен құрметі өзгермегенін айтты. Ол жаңа әніне жылы пікір білдірген оқырмандарына алғыс айтып, сезімді сақтау екі адамның ортақ еңбегі екенін жеткізді.
Қарақат Әбілдина сезімді аялап, уақыт сынынан алып өту үшін екі жүректің де бірдей ықыласы қажет екенін атап өтті.
Жазба соңында әнші оқырмандарына жүректеріндегі мөлдір сезім ешқашан солмасын деген тілегін білдірді.
Желі қолданушылары Қарақат Әбілдинаның жазбасына жылы пікір қалдырып, өнердегі жұпқа ұзақ ғұмыр, бақыт, береке және шығармашылық табыс тіледі.