Әлеумет

Ұлынан қорлық көрген қария немересінің қамқорлығына алынды

Атасының жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.

Атырау облысы Сағыз ауылында өз ұлынан қорлық көріп, үйде байлаулы болған 89 жастағы тыл ардагері Әділхан Сисенов немересі Нұрбақыт Ақниетқызының қамқорлығына алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Немересі бұл жағдайды бүкіл әулетке түскен ауыр сынақ деп бағалап, атасының жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. 

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында ешкімге өшпенділік танытпайтынын айтып, қоғамды ата-ананы барында қадірлеуге шақырды. 

Ал аталған оқиғаға байланысты полиция «ұрып-соғу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.