Шығыс Қазақстанда журналистерге пәтер кілті табысталды
Бұл мереке қарсаңында көрсетілген марапат болатын.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ақпарат саласы өкілдерін ұлықтаған жиынға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, журналистердің қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды.
Өңір басшысы бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір екенін атап өтіп, шынайы ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру және ел бірлігін нығайту жолындағы журналистер еңбегі әрдайым жоғары бағаланатынын жеткізді.
Биылғы кәсіби мерекенің басты жаңалықтарының бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алғаш рет өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне тұрғын үй беру бастамасының жүзеге асуы болды.
Салтанатты рәсім барысында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Олжас Керейхан мен «Altainews» медиа орталығының тілшісі Айдос Мырзахметовке жаңа пәтердің кілті табысталды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен көрсетілген қолдау аясында жаңа пәтер кілті табысталған журналистердің бірі – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының ШҚО бойынша меншікті тілшісі Олжас Керейхан. Ол бұл бастаманы журналистер қауымы үшін маңызды әлеуметтік қолдау деп бағалады.
Айдос Мырзахметов те жүрекжарды алғысын жеткізді: