сенбі, 27 маусым, 2026 11:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қазгидромет" дауылды ескерту жариялады

"Қазгидромет" дауылды ескерту жариялады
Сақтық шараларын сақтау маңызды.

«Қазгидромет» РМК 27 маусымға арналған дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Синоптиктердің болжамынша, бүгін еліміздің барлық өңірінде ауа райының қолайсыз құбылыстары күтіледі.

Елдің бірқатар аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Солтүстік, батыс және шығыс облыстарда желдің екпіні кей жерлерде 15–25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады. Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Абай, Павлодар және өзге де облыстарда ауа температурасы +35...+41 градусқа дейін көтеріледі.

Қатты ыстыққа байланысты көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын сақтауға, дауыл кезінде алыс жолға шықпауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң ұстануға шақырды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар