бейсенбі, 25 маусым, 2026 17:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Төтеншеліктердің ұшағы апатты жағдайда қонды

Төтеншеліктердің ұшағы апатты жағдайда қонды
Фото: әлеуметтік желі
Бұл "Қазавиақұтқару" әуе компаниясына тиесілі Ми-8 АМТ тікұшағы.

Төтеншеліктердің ұшағы апатты жағдайда қонды. Олар Павлодар облысындағы Байдалы ауылы маңына тұрақтаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Бұл "Қазавиақұтқару" әуе компаниясына тиесілі Ми-8 АМТ тікұшағы.

Тікұшақ ішінде 13 адам болған. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Мәліметке сәйкес, құтқарушылар 76 жастағы ер адамды іздеуге шыққан екен. Ол балық аулауға бара жатып мотоциклмен аударылған. Салдарынан аяғын жарақаттап алған. Сосын құтқарушылардан көмек сұраған. Оны төтеншеліктер бір тәулік іздеп, ақыры тапқан. Қария дәрігерлерге тапсырылды. Қазір жағдайы жақсы. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар