Жапонияда бүгін магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Шетелдік БАҚ пен сейсмологиялық қызметтердің мәліметінше, жерасты дүмпуі елдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Хонсю аралының шығыс жағалауына жақын жерде болған. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 50 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жапония метеорологиялық агенттігі (JMA) мен АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жер сілкінісінің күшін растады. Алдын ала ақпарат бойынша, цунами қаупі жарияланған жоқ.
Жерасты дүмпуі Токио қаласында да сезілген. Қауіпсіздік шаралары аясында елдің солтүстік-шығыс өңірлерінде жоғары жылдамдықты пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылып, тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен ауқымды қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Жапония билігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және ықтимал қайталама дүмпулерге байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қызды күштеп үйленбек болған үш азамат сотталды
Ұқсас жаңалықтар
Францияда аптап ыстыққа байланысты далада ішімдік ішуге тыйым салынды
- авторОймақ
- 22 маусым, 2026






