Әлеумет

Кеген ауданында өрттен адамның денесі табылды

Кейін оның жеке басы анықталып, полиция қызметкері екені белгілі болды.

Алматы облысы Кеген ауданында таулы аймақтан адамның өртеніп жатқан денесі табылды. Кейін оның жеке басы анықталып, полиция қызметкері екені белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ер адамның денесі Көкпек – Көктал – Кеген тасжолынан шамамен 400 метр қашықтан табылған. Өртеніп жатқан денені мал іздеп жүрген шопан байқап, полицияға хабарлаған. 

Оқиға орнына келген полиция қаза тапқан азаматтың жеке басын анықтады. Ол Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында аға жедел уәкіл қызметін атқарған Аслан Әлсеров  болып шықты. 

Мәйіт түгелдей жанып кеткен. Ал оң қолынан өртенген арқанның қалдықтары табылған. 

Тергеу дерегінше, қылмыс полицейдің Алматы қаласындағы пәтерінде жасалған болуы мүмкін. Кейін қылмыстың ізін жасыру үшін мәйітті өртеген. 

Полицияның мәліметінше, қазір марқұмның жұбайы мен ұлы күдікке ілінді.