Шекараны заңсыз кеспек болған 15 азамат ұсталды
Жыл басынан бері 100 құқық бұзушы ұсталып, заңсыз көші‑қонның 25 арнасы жойылды.
ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылдың маусым айында Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған 15 шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Жалпы алғанда, жыл басынан бері 100 құқық бұзушы ұсталып, заңсыз көші‑қонның 25 арнасы жойылды.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 392‑бабы бойынша 178 қылмыстық іс қозғалды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге және мұндай әрекеттерге жәрдемдесуге қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады, сондай‑ақ азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.