сейсенбі, 23 маусым, 2026 14:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бүгін – Қазақстан полициясы күні

Бүгін – Қазақстан полициясы күні
gov.kz
Бұл мереке 2007 жылы белгіленген және жыл сайын 23 маусымда аталып өтеді7

1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңды қабылдаған болатын.

Бұл Тәуелсіз Қазақстан Республикасы полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды.

Ал 2007 жылы 5 маусым күні Президент Жарлығымен 23 маусым Полиция күні деп бекітілді.

Қоғамдағы құқықтық тәртіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан полициясы елімізде аса маңызды рөл атқарады.

Полицейлердің біліктілігі мен мамандығына адалдығы, сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта бермек.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар