Әнші Айгүл Иманбаева өз суреті салынған қуыршақ тауып алған
Актриса мұны әдейі істеп жүрген адамдар бар екенін меңзеді.
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ауласынан өз суреті салынған қуыршақ тапқанын мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бейнежазбада қуыршақтың ішіне актрисаның фотосуреті салынғаны көрінеді. Айгүл Иманбаева мұндай жағдайдың бір жылдан бері қайталанып келе жатқанын айтып, мұны әдейі істеп жүрген адамдар бар екенін меңзеді.
Айта кетейік, Актриса Айгүл Иманбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында кафедегі әйелдер дәретханасында белгісіз біреулер өздерін дуалап тастағанын айтты. Оның сөзінше, ұлын екеуінің суреттері инелер, түйреуіштер, топырақ, қасық, шаш сияқты заттармен қорланған. Ол осындай 300 суретті тапқан.