Әлеумет

Интернеттегі жазба: ауыздық тудырса 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жауапкершіліктен жалтара алмайсыз.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы интернет желісінде алауыздық қоздырғаны және құқыққа қайшы контент таратқаны үшін азаматтарға 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде арандату сипатындағы жазбалар мен пікірлердің таралуы жиілеп кеткен. Дегенмен қадағалаушы ведомство өз хабарламасында нақты қандай жазбалар немесе оқиғалар туралы сөз болып жатқанын нақтылап атаған жоқ.

Бұған қоса, ведомство өкілдері заңнамалық жауапкершіліктің өзге де шараларын еске салды. Егер онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастырғандар мен таратқандардың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, онда оларға «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң аясында 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынатыны ескертілді.