дүйсенбі, 22 маусым, 2026 19:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Байсуфинов бас бапкерліктен кетті

Байсуфинов бас бапкерліктен кетті
ҚФФ
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі мәлімдеді,

Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Федерация өкілдері бұл жаңалықты өкінішпен қабылдағандарын, бірақ маманның шешіміне құрметпен қарайтындарын жеткізді.

«Команда тізгінін ұстаған уақыт ішінде Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңдерімен салыстырғанда ең үздік нәтижені көрсетті, оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түстік. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты», – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ ұйым Т. Байсуфиновқа кәсібилігі мен отандық футболға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы бекітілген жоспар бойынша штаттық режимде жалғаса береді. Федерация жақын арада жаңа бас бапкердің есімін жариялауды жоспарлап отыр.

Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымына осы жылдың қаңтар айында ғана қайта тағайындалған болатын. Бұған дейін ол бас команданы 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында басқарған. Сондай-ақ өзінің жаттықтырушылық мансабында отандық «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар) және «Ақжайық» (Орал) клубтарында қызмет атқарған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар