Жиырма мың адам іздеп жатыр: Хизирдің ерлігі көпшіліктің жүрегін тебірентті
Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасуда.
15 маусым күні Ингушетияның Қарабұлақ қаласында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, 8 жастағы Хизир Дербичев суға батып бара жатқан досын құтқару үшін Сунжа өзеніне секірген. Екінші баланы ересектер аман алып қалғанымен, Хизирді қатты ағыс алып кеткен.
Төрт тәулік өтсе де бала әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары мен Солтүстік Кавказ өңірлерінен келген еріктілерді қоса алғанда 20 мыңнан астам адам жұмылдырылған.
Мамандар өзен түбін тексеру үшін су деңгейін төмендету жұмыстарын жүргізуде. Ал еріктілер қолайсыз ауа райына қарамастан өзен арнасын жаяу шолып жатыр.
Хизирдің ерлігі көпшіліктің жүрегін тебірентті. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасуда.