Парашютте ән айтқан әженің видеосы көпшілікті тәнті етті
Жазба авторының айтуынша, анасы бүгінде 74 жаста
Желіде тараған видеода қазақстандық әйелдің анасын Түркияның Фетхие қаласына апарып, көптен бергі арманын орындағаны көрсетілген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Жазба авторының айтуынша, анасы бүгінде 74 жаста. Қызы жылдар бойы еңбек етіп, жинаған қаражатына анасын шетелге саяхатқа алып барған. Сапар барысында олар биік жартастан парапланмен ұшып, ерекше әсер алған.
Автордың сөзінше, алғашқыда қорқыныш болғанымен, кейін бұл сезімнің орнын қуаныш басқан. Видеодағы әсерлі сәттердің бірі – ананың аспанда қалықтап бара жатып ән шырқауы.
Желі қолданушылары бұл оқиғаны жылы қабылдап, анаға деген құрмет пен қамқорлықтың жарқын үлгісі екенін атап өтті.