Алматы тұрғыны Yandex такси жүргізушісі қол жүгірткенін айтты
Сапар кезінде жолаушы артқы орындықта ұйықтап кеткен.
30 наурыз күні қыз Yandex қосымшасы арқылы такси шақырған.
"Ұйықтап жатқанымды пайдаланып, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған жүргізуші маған бұрылып, етегімді көтеріп, бұтымды қарады”, – деп жазды ол Threads желісінде.
Кейін жүргізуші сапарды жалғастырған. Сондай-ақ қызға жеке жүргізуші болуды ұсынған. Діттеген жерге жеткен соң қызды анасы күтіп алған. Сөйтіп анасы жүргізушіге ұрысқан. Ер адам кешірім сұрап, оны видеоға түсіре бастағанда кетіп қалмақ болды.
Болған жағдайдан кейін алматылық қыз Алатау аудандық полициясына жүгінген. Ол бөлімшеде бірнеше сағат болып, болған жайттың мән-жайын толық баяндаған. Келесі күні онлайн сот өтіп, оның қорытындысы бойынша жүргізуші 10 тәулікке қамауға алынды.
Жәбірленуші болған оқиғадан кейін ол ұзақ уақыт бойы өзін қауіпсіз сезіне алмаған, такси қызметін қолдануды тоқтатқан және енді сапар кезінде ұйықтамауға тырысатынын айтты,