Қоғам

"Менің пәтерімді қайтарсын": Шавкат Рахмоновтың әйелі жазба жариялады

Гүлайым Рахмонова Instagram Stories парақшасында енесіне арнап үндеу жариялады.

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым тағы да әлеуметтік желіде отбасылық жанжалға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ол бұрынғы енесінен балаларына тиесілі пәтер мен мүлікті қайтаруды талап етіп отыр.

Гүлайым Рахмонова Instagram Stories парақшасында Шавкат Рахмоновтың анасына арнап үндеу жариялады.

Ол мәселені адвокат арқылы бейбіт жолмен шешуге дайын екенін айтып, алайда жауап болмаған жағдайда «тиісті орындарға жүгінетінін» ескертті.

Гүлайым Рахмонова Жамбыл облысындағы адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы мен одан кейінгі сот процесінен кейін бірнеше рет қоғам назарында болды. Ол әлеуметтік желілерде жеке өмірі мен жұбайы Шавкат Рахмоновпен арадағы қарым-қатынасы туралы айтып келеді.