сейсенбі, 9 маусым, 2026 21:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мәжбүрлі неке: қыздар да жауапқа тартылады

Мәжбүрлі неке: қыздар да жауапқа тартылады
Фото: freepik
Жауапкершілік ер мен әйелге бірдей болмақ.

Қазақстанда некеге мәжбүрлеу әрекеті үшін жауапкершілік ерлерге ғана емес, әйелдерге де бірдей қолданылады,  деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер әйел адам жігітті өзіне үйленуге мәжбүрлеп, қорқыту, күш көрсету немесе мұндай әрекеттерге туыстарын тартса, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Вице-министрдің сөзінше, мұндай құқық бұзушылық үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сонымен қатар ол жүктілікке байланысты некені тіркеуді талап ету немесе азаматтық некені заңдастыруды сұрау қылмыс болып саналмайтынын атап өтті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар