Қызылордада 20 жастағы жігіттің өліміне інісін күдікті деп таныған
- авторОймақ
- Бүгін, 10:43
- 76
Қызылорда облысында 20 жастағы жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қоғам назарын аударды. Тергеу мәліметінше, марқұм азаптау белгілерімен көз жұмып, оның денесі кейін құдыққа тасталған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті ретінде марқұмның 15 жастағы туған інісін таныған. Қазіргі уақытта жасөспірім тергеу изоляторына қамалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Марқұмның ата-анасы бұл жағдайға қатысты күмән келтіріп, бір ұлынан айырылғанын, енді екінші ұлының тағдырына алаңдап отырғанын айтады. Олардың сөзінше, тергеу жан-жақты әрі әділ жүргізілуі тиіс.
Құқық қорғау органдары әзірге істің толық мән-жайын жариялаған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Германияда қаза тапқан судьяның өліміне қатысты жаңа мәліметтер жария болды
- авторОймақ
- 8 маусым, 2026






