дүйсенбі, 8 маусым, 2026 17:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Блогер қызметкерлердің әрекеті үшін Астана әуежайын сотқа бермек

Блогер қызметкерлердің әрекеті үшін Астана әуежайын сотқа бермек
Фото: видеодан скрин
Қазақстандық блогер Айша Сәдуақасова Астана әуежайы қызметкерлерінің жолаушыларды тексеру кезіндегі әрекетіне шағымданды.

Химар (бас пен кеуденің алдыңғы бөлігін жабатын орамал) киіп жүрген блогер заттарын тексеру лентасына қойып, өзі сканерден өткен. Алайда кейін оны қосымша тексеру үшін тоқтатып, үстіндегі көйлек-жейдесін шешуді талап еткен.

"Қызметкерге үш рет жейдемнің астында ештеңе жоқ екенін ескерттім. Кейін ол басқа сканерге өтуімді сұрады. Барып, қолымды көтердім. Сканер тексеруді аяқтаған соң шығып кеткім келген еді. Бірақ мені тағы тоқтатып, қолмен тексерді де, жейдемді жоғары көтеріп жіберді. Ол жерде адамдар көп болды. Сол сәттегі қорқынышымды елестетіп көріңіздер", – дейді қазақстандық блогер.

Осыдан кейін блогер әуежай басшылығын шақыруды талап еткен. Оның сөзінше, ол жиі шетелге ұшып, әлемнің түрлі елдеріндегі әуежайларда болған. Алайда жолаушыларды тексеру кезінде мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келгенін айтты.

логердің сөзінше, әуежай әкімшілігі қызметкердің қателік жібергенін мойындап, кешірім сұраған.  Ол тексеру жүргізген әуежай қызметкерінде қызметтік бейнетіркегіш болмағанын да айтты. 

“Ешкім қоғамдық жерде тексеру кезінде сізден орамал немесе киіміңізді шешуді талап ете алмайды. Егер қосымша тексеру қажет болса, бөлек бөлмеде және құқығыңызды сақтайа отырып жүргізілуін талап етіңіз”, – деп жазды блогер оқырмандарына.

Қазір қазақстандық блогер сотқа жүгінуге дайындалып жатыр.

“Заңгермен кеңескен соң бұл жағдайда құқық бұзушылықтар болғаны және өз құқығымды қорғауға заңды негіздерім бар екені белгілі болды. Қазір сотқа дейінгі талап-арызбен қоса қажет құжаттар дайындалып жатыр”, – деді ол.

Аталған жағдайға Астана әуежайының баспасөз қызметі жауап берді. 

“Әлеуметтік желіде тараған жолаушының шағымына байланысты қызметтік тексеру басталды. Мақсат – оқиғаның қалай болғанын анықтап, барлық жағдайды жан-жақты және әділ түрде зерттеу”, – делінген хауапта. 

Тексеру қорытындысы бойынша қызметкерлердің әрекетіне тиісті баға беріліп, ресми түсініктеме жарияланатыны хабарланды.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар