Алматыда сауықтыру орталығының атын жамылған интимдік салон анықталды
Алматының Бостандық ауданында полицейлер боди-массаж салоны ретінде жұмыс істеген заңсыз мекеменің қызметін тоқтатты.
Полиция департаментінің мәліметінше, сауықтыру қызметтерін көрсетеміз деген желеумен интимдік сипаттағы қызметтер ұсынылған мекемені учаскелік инспекторлар қаланың беделді аудандарының біріндегі жеке үйлердің бірінен анықтаған.
Тексеру барысында жеті әйел ұсталды. Олардың барлығы полиция бөліміне жеткізіліп, жеке бастары анықталып жатыр.
Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ мекеме әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданды.