"Менің қызымды білсеңіздер, маған да айтып жіберіңіздерші": Димаш тікелей эфирде сұхбат берді
- авторОймақ
- Бүгін, 14:16
- 20
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы тікелей эфир кезінде жеке өміріне қатысты тараған қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.
Өнер иесі досы әрі әріптесі Расул Усмановпен бірге өткізген эфир барысында оқырмандардың бірі оның «қызы» туралы сұрақ қойған. Әншінің жауабы көпшілікті таңғалдырды.
– «Не? Қызымның атын қалай қойғанымды сұрап тұрсыз ба? Егер менің қызымды білсеңіздер, маған да айтып жіберіңіздерші, өзіме де қызық, оның қайдан пайда болғаны», – деп әзілмен жауап берді Димаш.
Әншінің айтуынша, оған жеке өміріне қатысты түрлі қауесеттер жиі айтылады. Кейбір жанкүйерлер оның отбасы мен балалары бар деп ойласа, енді біреулері тіпті бірнеше әйелі бар деген пікір таратады.
– «Неге екенін білмеймін, адамдар менің балаларым, отбасым бар деп ойлайды. Кейбірі тіпті бірнеше әйелім бар дейді», – деді ол.
Димаш қазіргі уақытта үйленбегенін және уақытын негізінен шығармашылыққа арнайтынын айтты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






