сенбі, 6 маусым, 2026 22:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Боксшы Айдобсыновтың жұбайы алимент мөлшеріне қатысты тексеруді сұрады

Боксшы Айдобсыновтың жұбайы алимент мөлшеріне қатысты тексеруді сұрады
Коллаж: turkystan.kz
Спортшы үш баласына елу мың теңге төлеп келген.

Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының бұрынғы жұбайы Нұрзат Ақжалбекова әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында үш баласына төленетін алимент мөлшеріне қатысты мәселе көтеріп, құзырлы органдардан тексеру жүргізуді сұрады.

Ақжалбекованың айтуынша, қазіргі уақытта үш балаға ай сайын 50 мың теңге көлемінде алимент төленіп отыр. Ол бұл қаражат балалардың күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жеткіліксіз.

Ол алимент мөлшері Ербосынұлының табысы туралы ұсынылған анықтама негізінде есептелгенін, алайда аталған құжаттағы мәліметтердің шынайылығына күмән келтіретінін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол құзырлы органдардан ұсынылған ақпараттың дұрыстығын жан-жақты тексеруді және заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдауды сұраған.

Ақжалбекова қазіргі таңда кенже қызының жасы екіде болғандықтан толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігі шектеулі екенін айтып, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектесуді өтінді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар